Сауд Арабиясында әйелдерге өздігінен саяхаттауға рұқсат берілді

2 Тамыз 2019, 11:07
2155
Бөлісу:
Сауд Арабиясында әйелдерге өздігінен саяхаттауға рұқсат берілді

Алматы, BAQ.KZ. Заңнамаға енгізілген өзгерістерге сай әйелдер енді күйеулері мен қамқоршыларының міндеттелген келісімінсіз ел аумағынан шыға алады. Бұл туралы Saudi Gazette жазды.

Бұған дейін Сауд Арабиясында әйелдер мен 21 жасқа дейінгі ер адамдарға шетелге шығу үшін қамқоршыларының рұқсаты талап етілген. Жаңа өзгерістерге сәйкес әйелдер енді шетелдік паспорт алу үшін өздігінен құжат тапсыра алады.

«Сауд Арабиясында шетелдік паспорт алу үшін өтініш жазған адам оны заңнама актілеріне сәйкес ала алады», - делінген түзетуде.

Айта кетейік, Сауд Арабиясы әйелдер құқығына консервативті түрде қарайтын ел. Онда әйелдерге қоғамдық көлікте жүруге және саясатпен айналысуға тыйым салынған. Дегенмен, соңғы жылдары Таяу Шығыс елдеріне гендерлік саясатты жеңілдету тенденциясы байқалады.

Жақында әйелдерге көлік жүргізуге, спорт залдар мен футбол стадиондарына баруға, мейрамханаларға баруға және өз бизнесін ашуға рұқсат берілді.

Өзгелердің жаңалығы