Әйелдер вагоны тағы үш бағдар бойынша қатынайды

9 Маусым 2023, 15:03
543
Бөлісу:
Әйелдер вагоны тағы үш бағдар бойынша қатынайды
Фото: BAQ.KZ - архив

Әйелдер вагондарына сұраныстың артуына байланысты «Жолаушылар тасымалы» АҚ қозғалыс географиясын кеңейтуді жалғастырып жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Мұндай вагондар №3/4 «Астана – Алматы», №33/34 «Алматы – Ақтөбе» және №71/72 «Астана – Шымкент» бағытындағы үш пойыздың құрамына енгізіледі.

Пилоттық режимде бұл қызмет 2021 жылы енгізілген. Әйелдер вагондарындағы қозғалыс жайлылығын бірінші болып No77/78 «Алматы – Маңғыстау» және No351/352 «Алматы – Өскемен» пойыздарының жолаушылары бағалады. 2022 жылдың ақпан айынан бастап компания әйелдер вагондарының санын арттырды. Олар No37/38 «Маңғыстау – Семей», No47/48 «Астана – Атырау» және No45/46 «Павлодар – Түркістан» пойыздарының құрамында жүре бастады.

Өзгелердің жаңалығы