Айдос Ербосынұлының титулдық жекпе-жегі өтпей қалуы мүмкін

Айдос Ербосынұлының титулдық жекпе-жегі өтпей қалуы мүмкін
588

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстандық боксшы Айдос Ербосынұлы (16-0, 11 КО) супер орта салмақта WBA белбеуінің иегері кубалық Давид Моррелмен (6-0, 5 КО) кездесу өткізу мүмкіндігінен айырылып қалуы мүмкін.

Бұл туралы prosports.kz сайты хабарлады.

Дереккөздің айтуынша, кубалық боксшы қазіргі уақытта америкалық Давид Бенавидеспен (25-0, 23 КО) айқас өткізу туралы келіссөз бастады.

Бұл кездесу қыркүйек айында болуы мүмкін. Жекпе-жекте Бенавидеске тиесілі WBC белбеуі сарапқа салынады екен. 

Ал Моррелге тиесілі WBA белбеуіне қатысты жаңалық жоқ. Соңғы шешімді ұйыммның өзі шығарады. Егер ұйым кубалықтан белбеуді тартып алатын болса, Ербосынұлы мен міндетті үміткер белбеуді сарапқа салады.


Фото: ашық дереккөз