Айдос Ербосынұлы алғаш рет жеңілді

6 Қараша 2022, 12:10
3139
Бөлісу:
Айдос Ербосынұлы алғаш рет жеңілді

Қазақстандық боксшы Айдос Ербосынұлы (16-0, 11 КО) Миннеаполисте (АҚШ) өткен бокс кешінде өнер көрсетті, деп хабарлайды BAQ.KZ Prosports.kz-ке сілтеме жасап.

Ол WBA нұсқасы бойынша супер орта салмақтағы әлем чемпионы атағы үшін кубалық Дэвид Моррельмен (7-0, 6 КО) жекпе-жек өткізді.

Бұл титулдық жекпе-жек он екі раундқа жоспарланған болатын. Моррель12-ші раундта нокаутпен ұтып кетті.

Осылайша, Дэвид Моррель кәсіпқой мансабындағы сегізінші жеңісіне қол жеткізіп, чемпиондық белбеуін қорғап қалса, Айдос Ербосынұлы кәсіпқой рингтегі алғашқы жеңілісіне ұшырады.

Өзгелердің жаңалығы