Аязды күндер жүрек ауруларына шалдыққан адамдарға теріс әсер етуі мүмкін

5 Желтоқсан 2023, 21:39
594
Бөлісу:
Аязды күндер жүрек ауруларына шалдыққан адамдарға теріс әсер етуі мүмкін
Фото: Ғазиз ШАКИРОВ - архив

Аяз жүрек-қантамыр ауруларына шалдыққан адамдардың денсаулығына теріс әсер етуі мүмкін, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бұл туралы ТАСС порталына берген сұхбатында жүрек-қантамыр хирургі, кардиолог Владимир Хорошев айтты.

Оның сөзінше, гипертониялық ауруға шалдыққандар қыстың суық күндері абайлап жүруі керек. 

Көбінесе аяз гипертониялық ауруға шалдыққан, артериалдық гипертензиясы бар адамдарға қауіп төндіруі ықтимал. Осы топтағы адамдар үшін бұл жыл мезгілі ең қолайсыз деуге болады, - дейді дәрігер.

Хирург айтып өткендей, аяз инфарктке шалдыққан адамдарға, сондай-ақ транзиторлық ишемиялық шабуылға жиі ұшырайтын адамдарға да теріс әсер етеді.

Ол жүрек ауруының белгілері бар адамдарға қыс уақытында қар тазалаған кезде шапшаң қимылдамау керек дейді. Айтуынша, жұмыс барысында 3-4 минут жұмыс істеген сайын үзіліс жасап тұрған жөн. Себебі жүрегінде ақауы бар адам үшін кішігірім шаршаудың өзі организмге қауіп төніп тұрғанын білдіруі мүмкін.

Өзгелердің жаңалығы