АвтоХҚО: Алматы облысында 17 қаңтардан бастап жұмыс істейді

17 Қаңтар 2022, 13:31
1336
Бөлісу:
АвтоХҚО: Алматы облысында 17 қаңтардан бастап жұмыс істейді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Алматы облысының автоХҚО-лары 17 қаңтардан бастап жұмысын қайта бастады.

Бір ғана облыстағы мамандандырылған орталық әлі жабық. Жұмыс уақыты дүйсенбі-жұма аралығында 9:00-ден 18:00-ге дейін. Сенбі және жексенбі - демалыс күндері.

Қаңтар айының басында төтенше жағдайдың енгізілуіне байланысты Қазақстандағы барлық автоХҚО-ның жұмысы уақытша тоқтатылды.

12 қаңтарда Алматы, Алматы және Жамбыл облыстарын қоспағанда, еліміздің өзге өңірлерінде мамандандырылған орталықтар өз жұмысын қайта бастаған болатын.

Алматы қаласында автоХҚО 14 қаңтарда жұмыс істей бастады. Қазіргі уақытта мамандандырылғанХҚО-лар тек Жамбыл облысында ғана жабық. Сондай-ақ қазір көлікті қайта рәсімдеу онлайн режимде Kaspi.kz және Homebank мобильді қосымшалары арқылы да қолжетімді. Мемлекеттік қызметтер бойынша қажетті ақпаратты 1414 нөмірі және Instagram және Facebook-тегі @gov4c.kz ресми бренд беттерінен алуға болады.

Естеріңізге сала кетейік, ХҚО-ларға кіру Ashyq қосымшасы бойынша қауіпсіз және бейтарап мәртебесі бар азаматтарға рұқсат етіледі. Бетперде тағып, әлеуметтік қашықтықты сақтауды ұмытпаңыздар.

Өзгелердің жаңалығы