Ауыр қылмыстың саны 73 пайызға артты – Ахметжанов

8 Қыркүйек 2020, 12:41
1932
Бөлісу:
Ауыр қылмыстың саны 73 пайызға артты – Ахметжанов

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы ҚР Бас прокурорының орынбасары Марат Ахметжанов ҚР Президенті жанындағы ОКҚ-да қылмыстық салада жеке адамның құқықтарын қорғауды күшейту жөнінде Президент Жолдауын іске асыру бойынша өткен онлайн конференцияда айтты.

Өткен жылғы Жолдау бойынша заңнамалық өзгерістерде құқық қорғауды нығайтып, криминалдық жағдайды төмендетуге мүмкіндік берді. 8 айда қылмыстық құқық бұзушылық өткен жылмен салыстырғанда 35 пайызға төмендеді. Ұрлық саны 52 пайызға, тонау дерегі 50 пайызға, тәртіп бұзушылық 48 пайызға төмендеген, - деді ол. 
Ол атағандай, өткен жылғы Жолауды жүзеге асыру нақты осындай істерге әсер етті. 
Жыныстық зорлыққа қатысты қылмыс үштен бірге қысқарды. Бұған, әрине, жазаның күшеюі әсер етті. Бұрын ол жәбірленушімен келісіп, нақты жазадан құтылып кететін. Ол бостандықта жүруге мүмкіндік алып, зорлық қайтадан жасалуы мүмкін еді. Қазір бұл мүмкіндік жоқ. Биыл орташа есеппен ондай қылмыс үшін 5 жылға дейін бас бостандығынан айырылады, - деді ол. 
Ахметжанов атап өткендей, алаяқтық пен ұрлық ауыр санатқа жатқызылатын болды. 
Кәсіби ұрлықшылар жасайтын қылмыс ауыр санатқа жатқызылады. Әрине, бұл ауыр қылмыстың санына әсер етті, ол 73 пайызға артты. Алайда сотқа да қылмыстық істер көп жіберіле бастады. Қылмыскерлер әрекеттері үшін нақты жазаланатын болды, - деді ол.



Өзгелердің жаңалығы