Ауылда микрокредит беру жалғасады

2 Наурыз 2021, 09:21
3316
Бөлісу:
Ауылда микрокредит беру жалғасады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы  Ауыл шаруашылығы министрі Сапархан Омаров АӨК-ті дамытудың негізгі бағыттары және инвестициялық жобаларды іске асыру туралы өткен  Үкімет отырысында айтты.

Өткен жылдың өзінде бұл мақсаттарға 43,2 млрд теңге бағытталды, бұл 11 мыңнан астам микрокредит беруге мүмкіндік берді, оның 60%-ын стартап-жобалар құрайды. Бағдарламаны іске асыру ауылда 11 мың тұрақты жұмыс орнын құруға мүмкіндік берді, - деді ол.

Омаров алдағы бес жылда 250 млрд теңге сомасына 50 мың микрокредит беру жоспарланып отырғанын айтты. 

Еңбек өнімділігін арттыру мақсатында агроөнеркәсіптік кешенді мемлекеттік қолдаудың тиімділігін қамтамасыз ету бойынша жұмыс жүргізілуде. Бұл үшін өткен жылы министрлік субсидиялау тетіктерін қайта қарап, олар белгілі бір салаға баса назар аудармай, бірыңғай тәсілдемені көздейтін болды. Сондай-ақ шағын және орта фермерлердің субсидиялауға қол жеткізу шектері өзгертілді, - деді Омаров.

Ол атағандй, мемлекеттік қолдаудың тиімділігін арттыру үшін биылдан  бастап бизнес үшін қарсы міндеттемелер      кезең-кезеңімен енгізіледі. 

Сонымен қатар министр  базалық субсидиялар бойынша субсидиялау көлемдерін ұлғайту есебінен 2025 жылға қарай ауыл шаруашылығы техникасын жаңарту деңгейін 4%-дан 6%-ға дейін, минералды тыңайтқыштарды қолдану ғылыми негізделген норманың 21%-ынан 30%-ға дейін, ал IV репродукцияға дейінгі жоғары сапалы тұқымдарды енгізу деңгейін 93%-дан 97%-ға дейін жеткізу жоспарлануда, - деді ол.

Ол атағандай, бұл ретте мемлекеттік қолдаудың басты қағидаты оның тұрақтылығы мен сабақтастығы болады. 

Бұл ауыл шаруашылығы еңбеккерлеріне өз қызметін ұзақ мерзімді әлеуетке болжауға мүмкіндік береді, - деді ол.

Өзгелердің жаңалығы