Ауыл әйелдері арасында конкурс жарияланды 

12 Ақпан 2020, 17:45
1877
Бөлісу:
Ауыл әйелдері арасында конкурс жарияланды 

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 2019 жылы Қазақстан ауыл әйелдерінің барлық өңірлерде жалпы ауқымы 2 700 ауыл әйелдерін қамтыған 14 облыстық форумы өтті. Осы жылы сәуірден қазан айына дейін ауыл әйелдерінің облыстық форумдарын өткізу жоспарланған және 5-6 қарашада Қазақстан ауыл әйелдерінің III форумы қортындыланады.

"Қазақстанның ауыл әйелдерінің аграрлық Одағы" заңды тұлғалар бірлестігінің атқарушы директоры Ләззат Асқарованың айтуынша, биыл да Қазақстан ауыл әйелдерінің форумы жалғасады. Сонымен қатар Коалиция "Қазақстан ауыл әйелдерінің 100 сәттілік тарихы" атты екінші кітабын шығару үшін ауыл әйелдерінің арасында конкурс жариялады.

Коалиция, "Қазақстан әйелдерінің аграрлық одағы" ЗТБ ҚР Президенті жанындағы әйелдер ісі және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі Ұлттық Комиссияның, ЕҚДБ (ЕБРР), Нұр-Сұлтан қаласындағы ЕҚЫҰ Бағдарламасы Кеңсесінің, Конрад Аденауэр атындағы Халықаралық қордың және бірқатар әріптестердің қолдауының арқасында 2018 және 2019 жылдары Қазақстан ауыл әйелдері республикалық форумын өткізді. Сондай-ақ 2019 жылы Қазақстан ауыл әйелдерінің барлық өңірлерде жалпы ауқымы 2 700 ауыл әйелдерін қамтыған 14 облыстық форумы өтті. Осы жылы сәуірден қазан айына дейін ауыл әйелдерінің облыстық форумдарын өткізу жоспарланған және 5-6 қарашада Қазақстан ауыл әйелдерінің III форумы қортындыланады.

Бүгін біз "Қазақстан ауыл әйелдерінің 100 сәттілік тарихы" атты екінші кітабын шығару үшін ауыл әйелдерінің арасында конкурс жариялаймыз. Қатысу шарттары https://agrowomen.org/, http://expoandwomen.com/kz/ сайтында жарияланған. 2019 жылдың қараша айында Қазақстанның ауыл әйелдерінің II республикалық форумын да "Асқар шыңдарға ту тіккен әйелдердің" бірінші кітабының тұсауы кесілді. Мұнда ауыл әйелдері облыстық форумының қортындысы бойынша кейіпкерлердің тарихы, үздік тәжірибелер, фермерлік шаруашылықтар мен отбасылық бизнестің, ЖҚШ өкілдерінің, мемлекеттік және әлеуметтік мекемелер басшыларының, жастардың, ҮЕҰ, әлеуметтік кәсіпкерлердің және т.б арасындағы тамаша жетістіктер және жобалар көрсетілді, -деді спикер Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз брифингінде. 

Былтырғы кітап кейіпкерлерін 2019 жылы құрылған Қазақстан әйелдерінің аграрлық одағының блогынан табуға болады: https://www.facebook.com/agrowomen.org/.

Қазақстанда ТДМ-2030-ның танымалдығын арттыру, Тұрақты даму мақсаттарына қол жеткізуге халықтың неғұрылым көп бөлігін тарту үшін БҰҰ 2015 жылғы 25 қыркүйектегі "Біздің әлемді тұрақты даму мақсатында 2030 жылға дейін қайта құру" Қарарына сәйкес, 2019 жылдың шілде айында "Қазақстандағы ТДМ-2030 қоғамдық институты" құрылды және ауыл әйелдері мен жастар арасында барлық 17 мақсат бойынша ТДМ көшбасшылары анықталды. Бүгін "Ауыл әйелдерінің арасындағы SDG-2030 көшбасшылары" республикалық байқауының басталғаны туралы жариялаймыз. Өтініштер https://agrowomen.org/, http://expoandwomen.com/en/ мекенжайы бойынша жіберілуі керек.

2011 жылдың 17 қаңтарында біз ТДМ-ді кеңінен насихаттау, сондай-ақ белсенді жастар көшбасшыларын құру мақсатында "Қазақстан жастарының арасындағы ТДМ-2030 көшбасшылары" республикалық байқауын жарияладық. Өтініштер осы жылдың 17 сәуіріне дейін қабылданады www.expo2017-volunteer.org сайтында. Қатысу үшін сіз сауалнаманы толтыруыңыз керек, әлеуметтік желілерде (Instagram, Facebook) жариялап, "Неліктен #YaposolTsUR" тақырыбында @ SDG2030leaderskz аккаунтын таңдай отырып, сіздің қызметіңіздің тұжырымдамасын таңдалған SDG-ге уәкіл ретінде 2020 жылдың 5 маусымынан 2021 жылдың 5 маусымына дейін жіберіңіз. Бағдарлама операторына sdg2030.kz@mail.ru мекенжайы бойынша жыл (өкілеттік мерзімі).



Өзгелердің жаңалығы