Ауыл шаруашылығында 11 млрд теңгеге 14 жобаны іске қосамыз - Мұрат Әйтенов

1 Шілде 2022, 15:57
1464
Бөлісу:
Ауыл шаруашылығында 11 млрд теңгеге 14 жобаны іске қосамыз - Мұрат Әйтенов

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында өткен баспасөз мәслихатында Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов мәлімдеді. 

Айтуынша, ел экономикасындағы маңызды мәселенің бірі – агро-өнеркәсіп кешені. 

Мемлекет Басшысы геосаяси жағдайдың күрделенуіне байланысты еліміздің азық-түлік қауіпсіздігі және бағаны тұрақтандыру мәселесіне баса назар аударды. Бұл бағытты ауылшаруашылық өнімдерін терең өңдейтін өндірістік алаңдарын дамыту арқылы қолға алу көзделген. Бүгінгі таңда аумағы 133 гектарды құрайтын «Бозарық» тамақ өнеркәсібі агро-индустриялық аймағында инженерлік инфрақұрылым жүйелерінің құрылысы жүргізілуде, - деді қала басшысы.

Сондай-ақ әкім жобаларға қанша инвестиция тартылғанына тоқталды. 

Нәтижесінде 21 жобаға 23 млрд теңге инвестиция тартылып, 1 500 астам жұмыс орны ашылатын болады. Жалпы ауыл шаруашылығы саласында биыл құны 11,0 млрд теңгені құрайтын 14 жоба іске асып, 369 жұмыс орны ашылады. Жобалар қайта өңдеу, өндірістік жылыжай кешені, сақтау қоймасы, тауарлы сүт фермасы мен құс шаруашылығын кеңейтеді, - деп атап өтті Мұрат Әйтенов.

Еске сала кетейік, бұған дейін мегаполис әкімі биыл қалада жаңа оқу жылында 24 мектеп пайдалануға берілетіні туралы айтқан болатын.

Өзгелердің жаңалығы