Ауыл шаруашылығын бітіргендердің 80%-ы мамандық бойынша жұмыс істемейді

25 Қаңтар 2023, 14:20
1798
Бөлісу:
Ауыл шаруашылығын бітіргендердің 80%-ы мамандық бойынша жұмыс істемейді

Ауыл шаруашылығы саласын бітірген түлектердің 80%-ы диплом бойынша жұмыс істемейді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Бұл туралы «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының басқарушы директоры Азамат Бейсенбенов Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингте мәлімдеді.

Түлектердің барлығы оқыған мамандығы бойынша жұмыс істемейтінін атап өткім келеді. Мысалы, денсаулық сақтау саласы бойынша оқу бітірген түлектердің 69 пайызы, педагогика саласы түлектерінің 59,5 пайызы, қала құрылысы саласы түлектерінің 30,6 пайызы және ауыл шаруашылығы саласы түлектерінің 19,4 пайызы ғана өз мамандықтары бойынша жұмыс істеп жатқандығын хабарлаймыз, - деп мәлімдеді «Атамекен» кәсіпкерлер палатасының өкілі Азамат Бейсенбенов.

Оның айтуына қарағанда, бұл сала түлектерінің қалған бөлігі диплом бойынша жұмыс істемей, басқа салаларды қызмет етеді немесе мүлде жұмыс істемейді.

Өзгелердің жаңалығы