Ауыл шаруашылығы министрі ауысты

4 Қыркүйек 2023, 11:45
635
Бөлісу:
Ауыл шаруашылығы министрі ауысты
Фото: СҚО әкімдігінің ресми сайты

Мәжіліс Ауыл шаруашылығы министрі лауазымына Айдарбек Сапаровтың кандидатурасына келісім берді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бұл туралы ҚР Парламенті Мәжілісінің баспасөз қызметі мәлім етті.

Парламент Мәжілісінің Аграрлық мәселелер комитетінің отырысында Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі лауазымына Айдарбек Сейпілұлы Сапаровтың кандидатурасы келісілді. 

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев тиісті Жарлыққа қол қойды.

Мемлекет басшысының Жарлығымен Ербол Шырақпайұлы Қарашөкеев Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі лауазымынан босатылды. Сонымен қатар Президенттің Жарлығымен Айдарбек Сейпілұлы Сапаров Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі болып тағайындалды, ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылды, - делінген Ақорда таратқан хабарламада.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, Ұлттық банк төрағасы лауазымына Тимур Сүлейменов тағайындалды.

Өзгелердің жаңалығы