Ауыл балаларына арналған мектеп қандай оқушыларды дайындап жатыр?

14 Маусым 2023, 20:22
817
Бөлісу:
Ауыл балаларына арналған мектеп қандай оқушыларды дайындап жатыр?
Фото: IQanat

Инновациялық мектеп-пансионат IQanat олимпиадасының республикалық кезеңінің финалистерін оқуға қабылдайды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Мектептің баспасөз қызметі хабарлағандай, жыл сайын олимпиадаға шамамен 47 мың үміткер қатысып, оның тек 200-і IQanat High School of Burabay оқушысы атанады.

Қазіргі таңда мектептің оқушылары еліміздің беделді университеттерінде ғана емес, сонымен қатар Аргентина, Америка Құрама Штаттары, Чехия және тағы да басқа шет елдердің білім ордаларында мамандық иесі атануға дайындалып жатыр.

Мектеп балаларға таптырмас мүмкіндік ғана емес, ертеңгі күнге сенім де сыйлайды. Мысалы, былтыр мектепке "Samruk-Kazyna Trust” қорының қолдауымен Жаңаөзен қаласынан 50 дарынды оқушы емтихан тапсырып, грант иелері атанды. Қазіргі таңда балалар мектеп өміріне белсенді қатысып, жақсы нәтижелер көрсетіп келеді, - делінген хабарламада.

Мектептің Ұлжас есімді оқушысы оқуда ғана озат болмай, Music Band атты музыкалық топта ән шырқайды. Атап өтетін жайт, бұл топ балалардың бастамасымен құрылып, жуырда алғашқы концерттерін ұсынды. Топтағы қатысушылар арасында бұрын-соңды музыкалық аспапта ойнамаған, бірақ бір ай көлемінде толық үйренген өнер иелері де бар.

Ал «PR Group» клубында Роман, Әбілмансұр атты жаңаөзендік білім алушылар белсенді болып, Instagram парақшамыздағы видеоматериалдардың үлкен бөлігінің авторлары. Спорт жағынан да оқушыларымыз жақсы нәтижелер көрсетіп келеді. Жақында 9 мамыр - Ұлы Жеңіс Күніне орай ұйымдастырылған волейбол турнирінде Қосмағанбетова Айдана мен Асембай Айжан есімді аруларымыз бар. Қыздар жеңіске барынша ат салысып, тамаша ойын көрсетті, - деп жазды мектеп.

Білім ордасындағы үш тілде оқыту, академиялық білім, спорт және өнер интеграциясы, кәсіптік бағдар мен ЖОО-ға дайындық жұмыстары балалардың жан-жақты дамуына үлкен ықпал етіп, септігін тигізеді.

Өзгелердің жаңалығы