-
-
Талдықорғанда қоғамдық көлікпен жүру құны қымбаттай ма
Облыс орталығында 10 сәуірден автобуспен қатынау құны 150 теңге дейін көтеріледі деген ақпарат шықты. Мұны естіген жетісулықтар дүрлігіп жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
09.04.2024
-
Жетісуда 363 млн теңге тиімсіз жұмсалған
Жетісуда мемлекеттік сатып алу ісіне байланысты қажетсіз қолданылған қаржының 13 фактісі тіркелді. Оған жұмсалған сома көлемі – 363 миллион теңге. Қазір өңірлік антикор осы мәселе бойынша нақты шешімдер қабылдауда, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
09.04.2024
-
Жетісудан батысқа әлеуметтік көмек аттанды
Жетісулық еріктілер мен тұрғындардан жиналған әлеуметтік көмек табиғи апат орын алған аймақтарға аттанды. 2 үлкен камаз көлігі арнайы полиция қызметкерлерінің жолбастауымен ұзақ жолға шықты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
08.04.2024
-
Элиталық тұқым егіншінің бәріне жете ме?
Жетісулық егіншілер элиталық тұқымға ерекше ден қойып отыр. Биыл өңірде оның үлесі 3 пайызға дейін артпақ. Яки, Жетісу даласына 3 мың тоннаға жуық таңғажайып дән себіледі, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
07.04.2024
-
Жетісулық құтқарушылар Борлы өзенінен 2 тракторшыны іздеп жатыр
Жетісулық құтқарушылар бір аптадан бері Абай облысында. Елдегі жағдайды ескере отырып төтенше жағдай департаментінің бір топ өкілі көмек қолын созуға сонда кеткен еді.
06.04.2024
-
Жетісуда заңсыз тау қопарып, алтын іздеген кімдер?
Мұны не облыс әкімдігі, не жергілікті билік, не Антикор білмейді. Ақсу ауданына қарасты Суықсай елді мекенінің тұрғындары бәйек болуда. Қазына іздеген белгісіз адамдар ауыл маңайының астан-кестенін шығарған, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
04.04.2024
-
Жетісу қант қызылшасын қайтсе көбейтеді?
Жетісулықтар қант қызылшасының көлемін 11 мың га жерге егуге бел байлап отыр. Былтырмен салыстырғанда әлдеқайда көп. Салмақ шағын шаруаларға түспек. Ал олар су мен техниканың тапшылығын айтып шырылдап отыр, деп хабарлайды осы өңірдегі BAQ.KZ тілшісі.
04.04.2024
-
Қызылағаш су қоймасына қауіп төніп тұр ма?
«Әлеуметтік желіде Қызылағаш су қоймасының арнасынан асып бара жатқаны жайында мәліметтер тарады. Осыдан 14 жыл бұрынғы қайғылы оқиға қайталана ма деген қорқыныш халықты дүрбелеңге салуда», деп хабарлайды осы өңірдегі BAQ.KZ тілшісі.
Әсіресе іргесіндегі ақсулықтар үрей үстінде. Жетісулықтардың көз жасын көлдеткен Қызылағаш су тасқына әлі де ел аузында. Мыңдаған адам жапа шегіп, 50-ге жуық тұрғын топан судың астында қалған еді. Содан бері көктем келсе халықтың алаңы есенеленеді. Апат айтып келмейтінін ескерсек, жауапты мамандар жаппай су қоймасының маңында жүр. Елдегі жағдайға байланысты су қоймасына күнтіз-түні кезекшілікке тұруда.
«Құрметті Ақсу ауданының тұрғындары! Әлеуметтік желідегі «halyk_zhurnalist.kz» инстограмм парақшасында таралған мәлімет жалған. Қазіргі таңда Қызылағаш су қоймасында қауіпті қауіп-қатер жоқ. Жағдай тұрақты», дейді облыстық төтенше жағдайлар департменттінің басшысы, палковник Нұрлан Бекбосынов.
Бізге келіп түскен мәлімет бойынша, бүгінде Қызылағаш өзенінде су қоймасының ағымдағы жөндеу жұмыстары аяқталған. Су қоймаларын пайдалануға беру үшін авторлық қадағалау талаптарына сәйкес, көлемі 42,65 млн.м3 резервуарды NPL деңгейіне дейін толтыру арқылы корпус пен бөгеттің барлық құрамдас бөліктеріне технологиялық сынақ жүргізу қажет. Қазіргі уақытта су қоймасын толған көлемі 41,9 млн. м3 құрайды. Оқиға орнында «Қазводхоз» РМК Жетісу филиалының мамандарымен тәулік бойы кезекшілік ұйымдастырыпты. Барлық мүдделі тұлғалар: облыс және аудан әкімдігі, Төтенше жағдайлар департаменті, басқа жауапты мамандарға хабардар етілген. Дүрбелеңге негіз жоқ.
Жалпы, Жетісуда ең қауіпті су қоймасы осы Қызылағаш екінін ұмытпаған жөн!
31.03.2024
-
Жетісуда мал ұрлығы көбейіп барады
Бөтеннің мүлкін тоңау, мал ұрлығы және айлакерлік әдеті жетісулық полиция қызметкерлерінің «бас ауруына» айналып отыр. Осы үш басбұзарлық өңірдегі жалпы қылмыстың 60 пайызын құрайды, деп хабарлайды осы өңірдегі BAQ.KZ тілшісі.
30.03.2024
-
Жетісулық жүргізушілер 1 млрд теңге айыппұл арқалаған
Қазір өңірде «ZEREK-2», «Vidar SPEED-R» және «СЕРГЕК» атты камералар сертификаттау рәсімінен өтуде.
30.03.2024
-
Жетісудың тастағы тарихы талқандалып жатыр
Жалпақ Жетісу өңірі петроглифтерге толы. Таста қашалған тарихи суреттер жетіп артылады. Дегенмен сол аумақтар жекеменшікке өтіп кеткеннен кейін, жартастарды кәсіпорындар пайдаға жаратуда, деп хабарлайды осы өңірдегі BAQ.KZ тілшісі.
28.03.2024
-
Жетісуда 1140 гектар күздік дақылдың жағдайы нашар
«Жетісулық шаруалар жылдағыдай 70 мың гектарға жуық жерге күздік дақыл сепкен еді. Дегенмен, биылғы қыс диқандарды әлекке салды. Көктемгі тексеріс кезінде кейбір ауданда тұқымдардың шірігені анықталды», деп хабарлайды осы өңірдегі BAQ.KZ тілшісі.
27.03.2024
-
Шымырлықтарға жайылым жер қажет
Жетісуда жер дауы бітер емес. Ашып айтқанда, Ескелді ауданына қарасты Шымыр ауылының тұрғындары малына өріс таппай отыр. Елді мекеннің іргесінің бәрі егістік. Қарапайым халық малын қайда жаярын білмей дал, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
26.03.2024
-
Жетісуда 300-ге жуық шетелдік жазаланды
«Талдықорғанда жалдамалы жұмыс істеген шетел азаматтарына құзырлы органдағылар тексеріс жүргізді. Нәтижесінде заңсыз еңбек еткен бірнеше азамат ұсталды», деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
20.03.2024
-
Жетісуға қатты қалдықтарды өндейтін зауыт қажет
Былтыр «еліміздегі ең таза өңір» атанған Жетісу бұл атақтан айырылып қалуы мүмкін. Бүгінде қалдықтарға арналған 182 уақытша сақтау орны мен 7 полигон бар. Бірақ, бұлардың қатты қалдықты толық өңдеуге шамасы жетпейді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
20.03.2024
-
Жетісуда жол апаты жиілеп кетті
Облыста соңғы 2 айда 50-ге тарта жол көлік оқиғасы болған. 9 адам қаза тауып, 82 адам ауыр хәлде аурухана түскен. Былтыр да осындай көрсеткіш тіркелген еді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
19.03.2024
-
Жетісу ауылдарын су басуы мүмкін
Жетісуда су басу қаупі бар 31 елді мекен тіркелген.
19.03.2024
-
Шекара қызметіндегі арулар
Әскери өмір қыз баласы үшін ауыр дегенімізбен де, сол саланы жанына серік еткен жандар қаншама!? Ерлермен қатар сапта тұрған, Отанға адал, антына берік әйел қауымы бар құрметке лайық. Оған дәлел ҚР ҰҚК Шекара қызметі Жетісу облысы бойынша департаментінің арулары, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
07.03.2024
-
Талдықорған вокзалына бардыңыз ба?
Ертеде іргесі қаланған автобекет Талдықорғанның сәнін бұзып тұр. Бірақ оған қала әкімдігі жауап бермейді. Себебі, нысанның иесі бар. Ал ол жолаушының өтінішіне құлақ аса ма, аспай ма өз еркі, деп хабарлайды осы өңірдегі BAQ.KZ тілшісі.
29.02.2024
-
Биыл атақты Мамания мектебіне – 125 жыл. Жетісудың білім басқармасы не істегелі жатыр?
Осы сауал бізді ғана емес, қоғам зиялыларының санасында жүр. Мұны облыстық білім басқарасы біле ме? Қазақ даласындағы алғашқы білім ордасының бүгінгі бет-бейнесі қандай? Қарағаштағы қарашаңырақ қайда қалды?, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
28.02.2024
Наверх