Жетісуда мал ұрлығы көбейіп барады

30 Наурыз 2024, 18:00
352
Бөлісу:
Жетісуда мал ұрлығы көбейіп барады

Бөтеннің мүлкін тоңау, мал ұрлығы және айлакерлік әдеті жетісулық полиция қызметкерлерінің «бас ауруына» айналып отыр. Осы үш басбұзарлық өңірдегі жалпы қылмыстың 60 пайызын құрайды, деп хабарлайды осы өңірдегі BAQ.KZ тілшісі.

Бүгінгінің «барымташылар» безбүйрек

Шаруалардың шағымы орынды. Ауылға бара қалсаң ағайынның айтар арызы да осы. Бізге осы мәселені ашық жазсаңыз деп қаншама оқырман хабарласты. Әрине, бәрінің тілегін орындау мүмкін емес. Қалай дегенменде қазақтың көзінің ағымен қарасына айналған төрт-түліктің біреуі опат болса өкініші өзекті өртейді. Кешке дейін малдың соңында жүрген шопандардың соры бес елі. Қорадан ұрлап кеткен факттар да бар. Бірін – құзырлы органдар тапса, бірін – таппайды. Тіпті, халық кейде іздеуден ешқандай үміт жоғын бағамдап та қояды. Неге десеңіз, тәртіп сақшылары таппағанды шаруа иесі қайдан тапсын. Әсіресе ауылдық жерлерді ұры-қара көп. Оның бәрін құрықтауға полиция қызметкерлерінің шамасы жетпейді.

Шопандар жылда шырылдайды да жатады. Мәселен көрші ауылдың жігіттерінен көрейін десең, қолында ешқандай куә болар дүние жоқ. Бірақ ұрының алыстан келмейтіні анық қой. Жақында Жансүгіровтың жігіттері жиналып, өзара ұрының қайдан келгенін анықтауға тырыстық. Ешкім мойынына алғысы келмейді. Ауыл ішінде болса жағдай жең ішінде дегендей тып-тыныш жаба саламыз ба дегенбіз. Олай болмады. Полицияға арыз жаздық, бірақ әлі таба алмады. Бүгінгінің барымташысымақтары адамды аяу дегенді білмейді ғой. Малшының ұрып, ұрлап кеткендері де кездеседі, - дейді Жансүгіров ауылының тұрғыны Атайбек Алғысбаев.

Мал ұрлығы тек үлкен шаруа қожалықтарында ғана емес, елді-мекендерде де орын алуда. Аталған қылмыстың бірден бір себебі ауылдық жерлерде жұмыстың жоқтығы, одан қалса алкогольге тәуелділік. Облыстық полиция департаментінің мамандарының сөзіне сүйенсек, қылмыскерлер тұрғындарымыздың жасына, әлеуметтік жағдайына қарамайды. Бір елді мекенде тұрып жатып, өзі танып-білетін шаруа иесінің қорасына көз салады. Мұндай оқиғалар жыл сайын кездеседі. Кейді екі тарап өзара келісімге келетін жайттар да бар.

Мал ұрлығы азаймай тұр. Талдауға сәйкес, 70 пайыз жағдайда мал өрістен ұрланады. Өкінішке орай, ауыл тұрғындары малын жайылымға қараусыз жібіре салады. Кейбір жағдайда, тұрғындарымыз малын он күнде бір рет тексеріп, сонымен шектеледі. Олай болмайды, малға күнделікті күзет керек. Ұрыларға қас-қағым сәт жетіп жатыр, мал көзіңнен таса қалса ойламаған жерден қағып кетеді. Ауыл азаматтары жауапкершілікті сезінуі шарт. Әрине әріптестеріміз қолдан келген шараларды қолданып жатыр. Халықтың тілегі орынды, осы мақсатта біз барынша күш-жігерімізді салып жұмыс істейміз,  - дейді облыстық полиция департаментінің басшысы Сарқытбай Құсаинов.

Қазір, малбазарларда ұрланған мал сатушылары да кездеседі. Олар кісі қолынан арзан бағаға алған. Бірақ қолында ешқандай құжаты жоқ. Сондықтан тәртіп сақшылары шара қолдануына тура келеді. Жиі-жиі осы бағытта тексеріс жұмыстары жүріп тұрады. Сенбілік малбазарларын аңдыған жұрт көп.

 

Жыл сайын жүздеген мал жоғалады

Қараңыз, жыл басынан облыста мал ұрлығына қатысты 25 қылмыс ашылған. Кезекшілік тәулікте – 5 болса, қалған 20-сы бұрын жасалған қылмыс. Жайылым басынан жоғалған малды табу өте қиын. Онда бейнебақылау камералары кездеспейді. Айдалада ұрылар епті келеді. Дереу ірі қара болсын, жылқы болсын бауыздап, етін сол маңда ақ жіліктеп көлігіне салып әкетеді. Оны базарға барып сату да оңай. Арзан етті кім жек көрсін, сатушылар бірден бас салады.

Біз мал етін сатып аларда әуелі құжатына мән береміз. Сырғасы арқылы тіркеп, ауыл малдәрігерінің арнайы рұқсатнама қағазында аламыз. Малда болатын әртүрлі аурудан таза ма соны анықтаймыз. Өз басым ұрлықы мал кездестірген емеспін. Өйткені бізді тәртіп сақшылары тексеріп тұрады. Одан бөлек СЭС бар, оны өзіңізде білесіз. Сараптама орталығы бәрін бақылап отыр, – дейді талдықорғандағы ет дүкенінің сатушысы Алма Жақсыбекова.

Ең өкінішті жыл сайын өңірде жүздеген мал жоғалады. Оны дені табылмайды. Иелері тәртіп сақшыларымен қосыла іздегенміне нәтиже бермейтін кездер де болады. Есік алдына жайылып жүрген уақ малдың өзінен айырып қалғандар бар. Малшы таппаған кейбір шаруашылықтар жайылымға қой-ешкіні, сиырды еркін жібере салады. Сол кезде ұрыларға жем болады. Кейбірін көлік қағып кетіп те жатады.

Малы жоғалса, оны екі-үш күн өзі іздеп, таба алмаған соң полицияға жүгінеді. Бұндай жағдайда қылмысты ашу қиынға түседі, себебі ең бастысы – уақыттың жоғалғаны. Сол уақыттың арасында қылмыскерлер малды өткізіп үлгереді. Қоса айту керек – қараусыз жүрген жылқылар, сиырлар кейбір жағдайда жолға шығып, жол апаттарының себепкері болады.Дегенмен, қандай жағдай болса да, қылмыскерлерді ұстап, ұрланған малды табу – ол біздің міндетіміз. Осыған орай, ПД-нің бұйрығына сәйкес Департаментімізде мал ұрлықтарын ашу мақсатындағы арнайы топ құрылған. Топтың күшімен биыл отызға жуық қылмыс ашылды, – дейді департамент басшысы Сарқытбай Құсаинов.

Мал ұрлығы бизнестің бір түріне айналып барады. Өрісте қараусыз қалған малды демде сойып, көлігіне тиеп, қолдан сата салады. Кейбір ет дүкендері құжатын да сұрамайды. Тексеріс келгенше тұтынушыға сатып үлгереді. Оған тәртіп сақшылар ештеңе істей алмайды. Ең өкінішті, бір малға қараған ағайынның жайы.

Өзгелердің жаңалығы