-
-
БҚО полицейлері жарты тонна балық тәркіледі
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. БҚО полицейлері заңсыз ауланған балықтың жарты тоннасын тәркіледі, деп хабарлайды Polisia.kz.
01.09.2021
-
ҚР ЦДИАӨМ вице-министрі тағайындалды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен Мәлік Серікұлы Олжабеков ҚР цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі қызметіне тағайындалды. Бұл туралы ҚР Премьер-Министрінің Баспасөз қызметі хабарлайды.
01.09.2021
-
Алматы облысында 6 жаңа мектеп ашылды
Алматы, BAQ.KZ. Білім саласының тамырына нәр бітті. Бойына қан жүгірді. Оқу ордасының жүрегі болған ұстаздар мен оқушылар қайтадан табысты. Мерекелік фанфарлар шырқалып, барлық сыныптар қатарға тұрғызылуда. Осылайша Талдықорған қаласындағы Абай атындағы №1 мектеп-гимназиясында білім күніне арналған салтанатты жиын басталды.
01.09.2021
-
Қазақстанда Pfizer вакцинасы уақытша тіркеуге алынды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстанда Pfizer-BioNTech Comirnaty («Комирнати») вакцинасы тіркелді. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігі хабарлады.
01.09.2021
-
Мемлекет басшысы Өзбекстан Президентінің атына жеделхат жолдады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев жеке өзінің және барша қазақстандықтардың атынан Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёевті және өзбек халқын ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығымен құттықтады, деп хабарлады Ақорданың ресми сайты.
01.09.2021
-
«Бомба қойылды»: Ақтөбеде 6 мектепте алғашқы қоңырау тоқтатылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 1 қыркүйек күні таңғы 8:30-да Ақтөбедегі №2 орта мектептің электрондық мекенжайына қаладағы №1, 2, 22, 21, 51, 56 мектептерге бомба қойылғандығы туралы хабарлама келіп түскен. Бұл туралы өңірдің Полиция департаментінің баспасөз қызметі айтты.
01.09.2021
-
Ауыл шаруашылығы министрі тағайындалды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Е.Ш. Қарашөкеевті тағайындау туралы Жарлыққа қол қойды, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.
01.09.2021
-
Елордада карантин талаптарын бұзу деректері азаймай тұр
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елорданың мониторингтік топтары тәулік бойы күшейтілген режимде жұмыс істеп келеді. Күн сайын ондаған кәсіпкерлік нысанда карантин талаптары бұзылғаны анықталады. Өткен тәулікте, яғни 31 тамыз күні шектеу шаралары қаланың 6 мекемесінде анықталды, деп хабарлайды Нұр-Сұлтан әкімдігінің ресми сайты.
01.09.2021
-
Түркістанда олимпиада резервін дайындайтын мектеп ашылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Түркістан облысының барлық білім ұяларында жаңа оқу жылы басталып, мектеп табалдырығын аттаған бүлдіршіндерге алғашқы қоңырау соғылды. Жаңа оқу жылының алғашқы күні Түркістан қаласында жаратылыстану-математикалық бағытта олимпиада резервін дайындайтын №28 мектеп-лицейінің тұсауы кесілді. Отырар мөлтекауданында орналасқан 900 орындық жаңа мектептің ашылуына қатысқан облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев 1 қыркүйек білім күнімен құттықтады.
01.09.2021
-
Қарин: Екі жыл ішінде Президент саяси реформалардың төртінші пакетін ұсынып отыр
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Президенттің Қазақстан халқына Жолдауында айтылған міндеттер туралы сараптамалық пікірімен бөліскен Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі, мемлекет және қоғам қайраткері, саясаттанушы Ерлан Қарин осылай деп хабарлады.
01.09.2021
-
Паралимпиада-2020: Жүзуден Қазақстанның екі спортшысы финалға шықты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Токиода жазғы Паралимпиада ойындары жалғасып жатыр. Жүзу бойынша қос қазақстандық спортшы финалға жолдама алды, деп хабрлайды Olympic.kz.
01.09.2021
-
Алматы әкімдігі медициналық кадрларды даярлау үшін 120 грант бөлді
Алматы, BAQ. KZ. Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаевтың тапсырмасы бойынша әкімдік есебінен мемлекеттік тапсырыс аясында медицина саласындағы кадрларды даярлауға 120 грант бөлінді. Бұл орын алған тапшылықты жою мен мамандардың жаңа буынын қалыптастырудағы маңызды қадам болып табылады.
01.09.2021
-
Кәмелетке толмаған балалар қарағандылықтың көлігін ұрлап кетті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Кәмелетке толмаған балалар қарағандылықтың көлігін ұрлап кетті, деп хабарлайды Polisia.kz.
01.09.2021
-
Жолдау-2021. LIVE
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшілері – Мақпал Орынбек, Гүлжан Раманқұлова.
Бүгін, 1 қыркүйекте Парламент палаталарының бірлескен отырысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдау жасайды.
Айта кетейік, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев алғаш рет Қазақстан халқына Жолдауын 2019 жылдың 2 қыркүйегінде жасады. «СЫНДАРЛЫ ҚОҒАМДЫҚ ДИАЛОГ – ҚАЗАҚСТАННЫҢ ТҰРАҚТЫЛЫҒЫ МЕН ӨРКЕНДЕУІНІҢ НЕГІЗІ» деген тақырыппен шықққан Жолдау бес бөлімнен тұрды.
Ал 2020 жылғы Жолдау 1 қыркүйекте «ЖАҢА ЖАҒДАЙДАҒЫ ҚАЗАҚСТАН: ІС-ҚИМЫЛ КЕЗЕҢІ» деген тақырыппен шықты. Бұл жолы Жолдау он бір бөлімнен тұрды.
Жалпы Мемлекет басшысының халыққа Жолдауында елдің алдағы әлеуметтік-экономикалық дамуының басым бағыттары айқындалады.
01.09.2021
-
Жамбыл облысында қауынқақ дайындалады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жамбыл облысы Сарысу ауданында кәсіпкерлік саласы қарқынды дамуда.
01.09.2021
-
Екі өңір «сары аймаққа» ауысты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 1 қыркүйектегі жағдай бойынша Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасы жарияланды.
01.09.2021
-
АӨСШК-ті дамытудың алдағы перспективалары белгіленді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары кеңесі (АӨСШК) Хатшылығының Атқарушы директоры Қайрат Сарыбайды қабылдады.
01.09.2021
-
ДСМ: 6,6 млн-нан астам адам вакцина салдырды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ДСМ 1 қыркүйек күнгі деректер бойынша өңірлерде КВИ-ға қарсы вакцинациялау жүргізу туралы ақпаратты жариялады.
01.09.2021
-
COVID-19. 1 704 адамның жағдайы ауыр
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ДСМ коронавирус инфекциясына шалдыққандар туралы 2021 жылғы 1 қыркүйектегі ақпаратты жариялады.
01.09.2021
-
Ресейлік ғалым «Әзірет Сұлтан» қорық-музейіне VIII ғасырға тән түргеш тиындарын табыстады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Түркістан қаласына арнайы іс сапармен келген ресейлік ғалым, тарих ғылымдарының кандидаты, нумизмат Павел Николаевич Петров «Әзірет Сұлтан» қорық-музейінің қорына жеке азаматтардан жинақтаған нумизматикалық коллекциясын өткізді.
01.09.2021
Наверх