ҚР ЦДИАӨМ вице-министрі тағайындалды

1 Қыркүйек 2021, 18:36
2529
Бөлісу:
ҚР ЦДИАӨМ вице-министрі тағайындалды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Үкімет қаулысымен Мәлік Серікұлы Олжабеков Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі қызметіне тағайындалды. Бұл туралы Премьер-министрдің баспасөз қызметі хабарлайды.  

Мәлік Олжабеков 1986 жылы Алматы облысында дүниеге келген. 

КИМЭП университетін, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін бітірген.

Еңбек жолын 2010 жылы «Республикалық ғарыштық байланыс және радиоэлектрондық құралдардың электромагниттік үйлесімділігі орталығы» АҚ кадрлық жұмыс және құжат айналымы бөлімінің менеджері қызметінен бастады. 

2012-2017 жылдары — «Республикалық ғарыштық байланыс орталығы» АҚ-да басшылық қызметтерде жұмыс істеді. 

2017-2019 жылдары — Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Аэроғарыш комитеті төрағасы орынбасарының м. а.; төрағасының орынбасары. 

2019 жылғы тамыздан бастап қазіргі уақытқа дейін Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Аэроғарыш комитеті төрағасының орынбасары болды.

Өзгелердің жаңалығы