Паралимпиада-2020: Жүзуден Қазақстанның екі спортшысы финалға шықты

1 Қыркүйек 2021, 15:07
2886
Бөлісу:
Паралимпиада-2020: Жүзуден Қазақстанның екі спортшысы финалға шықты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Токиода жазғы Паралимпиада ойындары жалғасып жатыр. Жүзу бойынша қос қазақстандық спортшы финалға жолдама алды, деп хабрлайды Olympic.kz.

Ерлер арасында 100 м брасс әдісімен S13 санатында Нұрали Советқанов жалпы нәтижеде 8-орынмен финалға шықты. Сондай-ақ осы санат бойынша сынға түскен Нұрдәулет Жұмағали екі топ нәтижесінде 3-орынмен аяқтап, финалистер қатарын толықтырды.

Айта кетерлігі, ерлер арасында 100 м брасс әдісімен S13 санатындағы спортшылар финалы елорда уақытымен 16:02-де басталады.

Өзгелердің жаңалығы