БҚО полицейлері жарты тонна балық тәркіледі

1 Қыркүйек 2021, 18:51
1943
Бөлісу:
БҚО полицейлері жарты тонна балық тәркіледі

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. БҚО полицейлері заңсыз ауланған балықтың жарты тоннасын тәркіледі, деп хабарлайды Polisia.kz. 

БҚО полиция қызметкерлері Ақжайық ауданының 29 жастағы тұрғынының Volkswagen Sharan автокөлігін тінту кезінде салоннан салмағы 500 келі болатын балықты тәркіледі. Автомашина арнайы тұраққа қойылды. 

Күдікті ешқайда кетпеу туралы қолхатқа қол қойды. Аталған факті бойынша ҚР ҚК 335-бабы 1-бөлігі (Балық ресурстарын, басқа су жануарларын немесе өсімдіктерін заңсыз өндіру) бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. 

Өзгелердің жаңалығы