Елордада карантин талаптарын бұзу деректері азаймай тұр

1 Қыркүйек 2021, 16:21
9349
Бөлісу:
Елордада карантин талаптарын бұзу деректері азаймай тұр

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елорданың мониторингтік топтары тәулік бойы күшейтілген режимде жұмыс істеп келеді. Күн сайын ондаған кәсіпкерлік нысанда карантин талаптары бұзылғаны анықталады. Өткен тәулікте, яғни 31 тамыз күні шектеу шаралары қаланың 6 мекемесінде анықталды, деп хабарлайды Нұр-Сұлтан әкімдігінің ресми сайты.

Есіл ауданында «Chechil Pub» барында қызметкерлер маска режимін сақтаған жоқ.

Сарыарқа ауданының мониторингтік тобы «Koonjoot» мейрамханасында көп адамның қатысуымен өтіп жатқан іс-шараны тоқтатты.

Алматы ауданында орналасқан «Сова» және «Janym Soul» караоке-клубтарында белгіленген жұмыс режимі бұзылды.

Байқоңыр ауданында «Наз» дүкені гүл таратып, жаппай іс-шара өткізді. Сондай-ақ «JJJ» дүкенінде карантин режимі бұзылды.

Тәртіп бұзушыларға қатысты жиналған материалдар әкімшілік шаралар қабылдау үшін санитарлық-эпидемиологиялық бақылау саласындағы тиісті органдарға берілді.

Айта кету керек, елордадағы эпидемиологиялық жағдай әлі де тұрақсыз. Күн сайын КВИ инфекциясын жұқтырған науқастар анықталады. Осыған байланысты қала тұрғындары мен қонақтары, сол сияқты кәсіпкерлік нысандар санитарлық нормалар мен карантин талаптарын қатаң сақтауы керек.

 

Өзгелердің жаңалығы