-
-
Астанаға Мажарстан президенті ресми сапармен келеді
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен 1-3 қазан күндері Астанаға Мажарстан Президенті Тамаш Шуйок ресми сапармен келеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
30.09.2025
-
Елордада 15-16 қазанда Astana Think Tank Forum 2025 өтеді
Жаһандық поляризациядан серіктестікке өту жолдарын іздеу және халықаралық жүйеге деген сенімді қалпына келтіру бойынша нақты ұсыныстарды әзірлеу қажеттілігі қазақстандық және шетелдік пікір көшбасшыларын, саясаткерлерді, жетекші «ақыл-ой орталықтардың» басшыларын Astana Think Tank Forum 2025 аясында біріктіреді. Форум 2025 жылғы 15-16 қазанда Қазақстан елордасында өтеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
30.09.2025
-
Олжас Бектенов Минскіде Еуразиялық үкіметаралық кеңес отырысына қатысты
Минск қаласында Қазақстан Республикасының Премьер-министрі Олжас Бектенов Беларусь Республикасының Президенті Александр Лукашенконың Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы үкіметтері мен Еуразиялық үкіметаралық кеңес басшыларының отырыстарына қатысушылармен ұжымдық кездесуіне, сондай-ақ шағын және кеңейтілген құрамдағы ЕҮАК отырысына қатысты, деп хабарлайды BAQ.KZ.
30.09.2025
-
Тоқаев БАӘ Қорғаныс істері жөніндегі мемлекеттік министрін қабылдады
Кездесуде екі елдің қауіпсіздік және әскери білім беру салаларындағы ынтымақтастық перспективасы талқыланды, деп хабарлайды BAQ.KZ Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
30.09.2025
-
"Taza Qazaqstan": Алматыдан Қызылордаға дейінгі road-эстафета басталды
Алматы облысы Тарғап ауылында "Taza Qazaqstan" road-эстафетасы басталды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
30.09.2025
-
Мемлекет басшысы Италия президентін шығарып салды
Мемлекет басшысы Италия президенті Серджо Маттарелланы Астана әуежайынан шығарып салды, деп хабарлайды BAQ.KZ Ақордаға сілтеме жасап.
30.09.2025
-
Қазақстан Трамптың Газа секторындағы бітімгерлік жоспарын қолдайды
Қазақстан АҚШ Президенті Дональд Трамптың Газа секторындағы қақтығысты тоқтатуға арналған жан-жақты бітімгерлік жоспарын қолдайды. Бұл туралы ҚР Президентінің көмекшісі – Баспасөз хатшысы Руслан Желдібай жазды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
30.09.2025
-
Павлодарда заң бұзған кәсіпорынға 28 млрд теңгеге айыппұл салынды
Табиғатты қорғау прокуратурасы экологиялық заңнаманың сақталуына талдау жүргізу барысында рұқсат құжаттарының талаптарының орындалмағаны анықталды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
30.09.2025
-
Тоқаев "Достық – Мойынты" теміржолының екінші желісін іске қосты
Қасым-Жомарт Тоқаев New Silk Way VII Халықаралық көлік-логистика бизнес-форумының ашылуымен құттықтап, бүгінгі іс-шараның мән-маңызы ерекше екеніне тоқталды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
30.09.2025
-
Елімізде 100 жастан асқан 440-тан астам адам бар
Қазақстанда 100 жастағы және одан да үлкенірек жастағы 448 азамат бар. Ең жасы үлкен қазақстандық Ұлытау облысында тұрады, ол 115 жасқа толған туған күнін атап өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ.
30.09.2025
-
Елімізде 314 мың балаға қосымша білім алу бойынша ваучер берілді
Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша 2025 жылдан бастап елімізде қосымша білім беру ұйымдарына ваучерлік қаржыландыру жүйесі кезең-кезеңімен енгізілуде, деп хабарлайды BAQ.KZ.
30.09.2025
-
Қазақстанның Энергетика вице-министрі тағайындалды
Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен Қайырхан Тұтқышбаев энергетика вице-министрі қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды BAQ.KZ Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
29.09.2025
-
Бектенов Минскіде: ТМД үкіметтері басшылары кеңесінің отырыстарынде не талқыланды?
Қазақстан Республикасының Премьер-министрі Олжас Бектенов Минск қаласында (Беларусь Республикасы) Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы ұйымына мүше елдердің үкіметтері басшылары кеңесінің шағын және кеңейтілген құрамдағы отырыстарына қатысты, деп хабарлайды BAQ.KZ.
29.09.2025
-
Бозымбаев Alatau Сity жобасының даму барысымен танысты
Премьер-министрдің орынбасары Қанат Бозымбаев Алматы облысына ресми жұмыс сапары аясында Alatau City мегажобасының төрт негізгі аймағында – Gate, Golden, Growing және Green аудандардың құрылысқа дайындық барысын тексеріп, бірқатар тапсырма берді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
29.09.2025
-
Сенат төрағасы Италия президентімен кездесті
Парламент Сенатының төрағасы Мәулен Әшімбаев Қазақстанға алғаш рет ресми сапармен келген Италия Республикасының президенті Серджо Маттарелламен кездесті, деп хабарлайды BAQ.KZ.
29.09.2025
-
Тоқаев жаңа министрге білім беру сапасына қатысты міндеттер жүктеді
Мемлекет басшысы Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменованы қабылдады, деп хабарлайды BAQ.KZ Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
29.09.2025
-
Мемлекет басшысы Жаслан Мәдиевті қабылдады
Мемлекет басшысы жаңадан тағайындалған Премьер-министрдің орынбасары – Жасанды интеллект және цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиевті қабылдады, деп хабарлайды BAQ.KZ Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
29.09.2025
-
Астанада Қарттар күніне орай зейнеткерлер қазақ биінен флешмоб өткізді
Қарттар күніне орай Нұра ауданының 50-ден астам зейнеткері «Хан Шатыр» сауда және ойын-сауық орталығына қарама-қарсы алаңда қазақ биінен ерекше флешмоб ұйымдастырды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
29.09.2025
-
Алматыда ІІМ Академиясының 300 курсанты ант қабылдады
Алматыдағы 28 панфиловшы саябағында М. Есболатов атындағы Алматы академиясының бірінші курс курсанттары Ант қабылдау рәсімін салтанатты түрде өткізді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
29.09.2025
-
Президенттің халықаралық мәселелер жөніндегі кеңесшісі тағайындалды
Мемлекет басшысының өкімімен Ернар Лазар Қазақстан Республикасы Президентінің халықаралық мәселелер жөніндегі кеңесшісі болып тағайындалды, ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
29.09.2025
Наверх