Ауғанстанда сұлулық салондары жабылды

5 Шілде 2023, 14:09
943
Бөлісу:
Ауғанстанда сұлулық салондары жабылды

«Талибан» қозғалысының бақылауындағы (Қазақстанда тыйым салынған) Ауғанстан үкіметі бір ай ішінде елдегі барлық шаштараз бен сұлулық салонын жабу туралы бұйрық шығарды, деп хабарлайды BAQ.KZ. 

Бұл жұмыс істеу, бір-бірімен қарым-қатынас жасау мүмкіндігі азайған әйелдерге тағы бір соққы болды, деп жазды ҚазАқпарат ВВС-ге сілтеме жасап.

Бұл бұйрық Кабул және елдегі басқа елді мекендерге де қатысты. Әйелдер шаштаразы мен сұлулық салондары Ауғанстанда 2001 жылы тәліптер кеткеннен кейін бірден пайда болды. Олар өз иелері мен қызметкерлеріне ақша табуға мүмкіндік берді, ал клиенттер қызмет алып қана қоймай, ер адамдардан алыс сөйлесуге мүмкіндік алды. Тәліптер Ауғанстаннан кеткеннен кейін 20 жылдан кейін қайтадан билікке келді.

Бастапқыда олар ескі әдетке қайта оралып, әйелдерді мүмкіндігінше көп дүниеден айыруды мақсат етпейтінін айтқан болатын. Ауғанстан әйелдері қазірдің өзінде орта білім алу мүмкіндігінен айырылған және жоғары білім алу құқығынан толықтай шеттетілген.

Өзгелердің жаңалығы