Ауғанстанда әскери базаға жасалған шабуылдан 126 адам қаза болды

22 Қаңтар 2019, 12:30
2698
Бөлісу:
Ауғанстанда әскери базаға жасалған шабуылдан 126 адам қаза болды

Астана, BAQ.KZ. “Талибан” қозғалысы Ауғанстандағы әскери жаттығу жасау кешеніне шабуыл жасады. Шабуыл кезінде кемінде 126 адам мерт болған. Бұл туралы Reuters агенттігі хабарлады. Дегенмен Ауғанстанның ресми деректерінде шабуыл салдарынан 12 адам қаза болғаны айтылды. 

Ал "Талибан" өкілдерінің хабарлауынша қарулы шабуылдан 190 ауған әскері көз жұмған. Қаза болған сарбаздар санының жүзден асқанын жергілікті билік растағанымен, нақты мәлімет беруден бас тартты.

Reuters агенттігі әскерилерге рухани соққы болмас үшін жергілікті атқамінерлер қарулы шабуыл жөнінде БАҚ-қа мәлімет беруге тыйым салғаны жөнінде жазады.

Шабуыл кеше, дүйсенбі күні Вардак провинциясының әкімшілік орталығы Майданшахр қаласында орын алған. Полиция қызметкерлерін даярлайтын орталықта орналасқан әскери базаның жанында жанкешті автобусты жарып жіберген. Мұнан соң орталыққа бірнеше террорист шабуыл жасаған.

Өзгелердің жаңалығы