Ауғанстан мен Қазақстан арасына теміржол желісін салу жұмысы қайта жанданады

21 Қазан 2023, 01:25
815
Бөлісу:
Ауғанстан мен Қазақстан арасына теміржол желісін салу жұмысы қайта жанданады
Фото: СІМ баспасөз қызметі

Ауғанстан темір жолдары басқармасы мен қазақстандық компаниясы арасында теміржол желісін салу бойынша жұмыстарды қайта бастауда, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Қазақстан Республикасы Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ауғанстанмен экономикалық және гуманитарлық ынтымақтастықты кеңейту, Шетелдегі отандық бизнесті қолдау жөніндегі тапсырмалары шеңберінде, Қазақстанның Ауғанстандағы Елшілігінің қолдауымен, Ауғанстан темір жолдары басқармасы (Afghanistan Railway Authority) мен «Integra Construction» қазақстандық компаниясы арасында Розанак станциясынан Рабаттарян станциясына дейінгі учаскеде теміржол желісін салу бойынша жұмыстарды қайта бастауға келісімшартқа қол қойылды (43 км). Кабулдағы теміржол желісінің құрылысы 2025 жылдың мамыр айында аяқталады деп жоспарлануда.

Бұл учаске Хаф (Иран) – Герат (Ауғанстан) – 191 км теміржол магистралінің маңызды бөлігі болып табылады, ол осы екі елді Ауғанстанның Чах-Бахар портына және ол арқылы Үндістанға шығу перспективаларымен байланыстырады.

Жобаны іске асыру және кейіннен Гератта «құрғақ портты» салу Ауғанстанның Орталық Азия, Қазақстан және Қытай мемлекеттерімен сауда байланыстарын кеңейту, сондай-ақ Ауғанстан мен Иранның транзиттік әлеуетін пайдалану үшін де маңызды мәнге ие.

Өзгелердің жаңалығы