Ауған апиындары: 773 есірткі қылмысы анықталған

6 Желтоқсан 2021, 11:16
1149
Бөлісу:
Ауған апиындары: 773 есірткі қылмысы анықталған

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы ҚР Ішкі істер министрлігінің ресми өкілі Нұрділдә Ораз министрліктің дәстүрлі брифингінде айтты.

Қазақстанның төрағалығымен Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымына мүше мемлекеттердің есірткінің заңсыз айналымына қарсы іс-қимыл жөніндегі құзыретті органдар басшыларының үйлестіру кеңесінің 23-ші отырысы өтті. Бейне отырысқа Армения, Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан және Ресейдің есірткіге қарсы құрылымдарының басшылары қатысты. Кеңес барысында 2021 жылғы ынтымақтастықтың қорытындылары шығарылып, одан әрі өзара іс-қимылдың жолдары белгіленді, - деді Ораз.

Оның айтуынша, Қазақстанның ішкі істер министрінің орынбасары Арыстанғани Заппаров өңірдегі «Ауған апиындары» экспортының өсуі ықтималдығына байланысты аталған ұйымға мүше елдердің қауіпсіздігіне тікелей әсер ететін өткір проблемалардың бірі ретінде Ауғанстандағы жағдайға баса назар аударды.

Ұжымдық қауіпсіздікке мүше мемлекеттердің 2021-2025 жылдарға арналған Есірткіге қарсы стратегиясын іске асыру барысы талқыланды. «Арна-гранит бастион» субөңірлік есірткіге қарсы операциясының нәтижелеріне жоғары баға берілді. Арнайы операция Орталық Азия елдері арқылы өтетін Ауған апиындары транзитінің «солтүстік бағытында», сондай-ақ Кавказ-Қара теңіз бағытында және ұжымдық қауіпсіздікке мүше мемлекеттер шекараларының басқа да учаскелерінде өтті, - деді ресми өкіл.

Ол атағандай, бірлескен жұмыс нәтижесінде 773 есірткі қылмысы анықталды.

5,5 тоннадан астам есірткі, оның ішінде 5 келіге жуық апиын, 13 келі гашиш, 12 келі героин, 5 тонна марихуана, 22 келіден астам синтетикалық есірткі тәркіленді. Ақпараттық-телекоммуникациялық технологияларды пайдалана отырып, заңсыз есірткі саудасына қарсы бірлесіп әрекет ету және Интернет желісінде есірткіні насихаттау ынтымақтастық бағыттарының бірі болып айқындалды, - деді ол.

Нұрділдә Ораз айтқандай, «Канал» есірткіге қарсы операциясының үш кезеңін өткізу туралы шешім қабылданды.

Бірініш кезеңі Қырғыз Республикасында Халықаралық үйлестіру штабын орналастыра отырып, "Канал-екінші тосқауыл" деген атаумен; Екінші кезең Ресей Федерациясында "Канал-Невский қалқан", Үшінші кезең Беларусь Республикасында "канал - Неман" деген атаумен өткізілетін болады, - деді ол.


Өзгелердің жаңалығы