Ауа райына байланысты екі өңірде ескерту жарияланды

30 Қазан 2019, 16:46
2090
Бөлісу:
Ауа райына байланысты екі өңірде ескерту жарияланды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. "Қазгидромет" РМК синоптиктерінің мәліметінше, қазан айының соңғы күні дауылды әрі жауын-шашынды болады.

31 қазанда таңертең және күндіз Қызылорда облысының кей жерлерінде оңтүстік-батыстан соққан желдің күші 15-20 м/с дейін жетеді деп күтіледі.

Сонымен қатар, Қостанай облысының кей жерлерінде көктайғақ, тұман, солтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, күші 15-20 м/с жетеді.

Ал Қостанай қаласында көктайғақ, күндіз солтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, екпіні 15-20 м/с болады, деп болжануда.

Өзгелердің жаңалығы