20 қаңтар сағат 10:00-дегі ахуал бойынша ауа райының қолайсыздығына байланысты 3 облыста жол жабылды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Республикалық маңызы бар автожолдардың 4 учаскесінде көліктің барлық түрлері үшін қозғалысқа шектеу енгізілді.
Жамбыл облысы
1."Алматы-Ташкент-Термез" автожолының 159-238 шақырымы, Кенен ауылынан – Қайнар ауылына дейін (қозғалыс ескі Қордай асуы арқылы жүзеге асырылады) - 79 шақырым.
Жетісу облысы
1."Үшарал-Достық" тасжолының 84-184 шақырымы, Көктұма станциясынан – Достық станциясына дейін - 100 шақырым.
Батыс Қазақстан облысы
1."Орал-Тасқала-РФ шекарасы" автожолының 4-104 шақырымы, Орал қаласынан – РФ шекарасына дейінгі аралық - 100 шақырым.
2."Самара-Шымкент" тасжолының 195-246 шақырымы, РФ шекарасынан – Орал қаласына дейінгі аралық – 51 шақырым.
Қазіргі уақытта республикалық маңызы бар автожолдарды қардан тазалауға 373 арнайы техника және 636 жұмысшы жұмылдырылды.