Тоқаев Илья Мизерныхты жеңісімен құттықтады

20 Қаңтар 2024, 13:33
548
Бөлісу:
Тоқаев Илья Мизерныхты жеңісімен құттықтады
Фото: olympic.kz

Қасым-Жомарт Тоқаев Илья Мизерныхты жеңісімен құттықтады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бұл туралы Президент кеңесшісі – Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли жазды.

Канвонда өтіп жатқан жасөспірімдер арасындағы Олимпиадада тұғырдан шаңғымен секіру спортынан Қазақстан тарихындағы тұңғыш алтын медальді жеңіп алған Илья Мизерныхты Президент Қасым-Жомарт Тоқаев айтулы жеңісімен құттықтады. Мемлекет басшысы чемпионның әлі де талай жеңіс тұғырынан көрініп, биіктерді бағындыра беруіне тілектестік білдірді. Сондай-ақ Канвондағы додаға қатысып жатқан отандық споршыларға табыс тіледі, - деп жазды ол.

Еске салсақ Оңтүстік Кореяда өтіп жатқан IV қысқы жасөспірімдер Олимпиадасында қазақстандық спортшылар тарихи алтынға қол жеткізген болатын.

Өзгелердің жаңалығы