Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Ауа райы: Алдағы күндері аптап ыстық болады

9 Маусым 2025, 17:00
862
Бөлісу:
 pixabay.com
Фото: pixabay.com

"Қазгидромет" РМК алдағы күндері Қазақстан аумағында 37 градусқа дейін ыстық болатынын болжады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Алдағы күндері Қазақстан аумағында оңтүстік циклонның әсері байқалады. Ол ауа массаларының жылынуын және конвективті процестердің дамуын қамтамасыз етеді. 

10 маусымда оңтүстікте, 11 маусымда солтүстік-батыста, 12 маусымда елдің солтүстігінде қатты жаңбыр, найзағай және екпінді жел болуы мүмкін.

Жекелеген аудандарда бұршақ жауады. Тек елдің шығысында антициклон ықпалымен ауа райы жауын-шашынсыз болады. 

Күндізгі уақытта ауа температурасы солтүстікте, шығыста, орталықта 25-32 градусқа дейін, батыста, оңтүстікте, оңтүстік-шығыста 32-37 градусқа дейін жоғарылайды.

Өзгелердің жаңалығы