Атырауға Боржомидан гуманитарлық көмек барды

18 Сәуір 2024, 14:51
177
Бөлісу:
Атырауға Боржомидан гуманитарлық көмек барды
Фото: Атырау облысы ТЖ жөніндегі жедел штабы

Атырауға Боржоми қаласынан гуманитарлық көмек барды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Атырау облысындағы төтенше жағдайға байланысты Грузия елінің Боржоми қаласынан гуманитарлық көмек келді,-деп хабарлайды ТЖ жөніндегі жедел штаб.

Өткен жылдың қыркүйек айында Грузияның Боржоми қаласы Атырау қаласымен бауырластық байланыс орнатқан болатын.

Өңірдегі ахуалға байланысты Боржоми муниципалитеті 3 мың бөтелке “Боржоми”минералды суымен гуманитарлық көмек көрсетті.

Өзгелердің жаңалығы