Атыраудан табылған темір сауытты жауынгер Каспий-Арал аймағын мекендеген көшпенді болуы мүмкін

15 Сәуір 2021, 17:05
3083
Бөлісу:
Атыраудан табылған темір сауытты жауынгер Каспий-Арал аймағын мекендеген көшпенді болуы мүмкін
Фото: автордан

Атырау, BAQ.KZ тілшісі. Атырау облысы Миялы қорғанынан табылған темір сауытты жауынгерді зерттеп жатқан ғалымдар баспасөз мәслихатын өткізді. 

Антропологтардың айтуынша, ол б.э.д 10 ғасырдың аяғы 11-ғасырдың басында Каспий-Арал аймағын мекендеген көшпенді болуы мүмкін.

Қызылқоға ауданы Миялы селосы маңынан табылған бұл жәдігерлерді рентгеннен өткізгенде, сыры ашылмаған біраз дүниені байқадық. Көп шикізат табылды. Мұндай жағдай көп кездеспейтін еді.Түрлі ағаш, сүйектен, теріден, темірден жасалған бұйымдар бар. Арнайы сұйықтықтармен бәрін ажыраттық. Әрі қарай зерттеу жұмыстарын атыраулық әріптестеріміз жасады. Енді екінші рет рентгенге түсіреміз. Сосын тағы зерттейміз. Біз ғана емес, өзге де мамандар әрі қарай зерттеп жатыр, - дейді «Қырым аралы» ғылыми-реставрациялық зерттеу орталығының басшысы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Халықаралық дәрежедегі қалпына келтіруші Қырым Алтынбеков.   

Атыраудан табылған темір сауытты жауынгер Каспий-Арал аймағын мекендеген көшпенді болуы мүмкін

Мажарстандық ғалымдар жауынгердің бас сүйегінен анализ алып, болжамдарын айтты.

Біз антропологиялық анализ жасадық. Бас сүйегін компьютерлік томографиядан өткіздік. Бұл оңай жұмыс болмады. Біздің болжауымызша, бұл б.э.д 10-ғасырдың аяғы 11-ғасырдың басында Каспий-Арал аймағын мекендеген көшпенді түркілер ұрпағы болуы мүмкін. Болжам бойынша оның жасы 50-60 жаста. Бірақ зерттеу жұмыстары әлі де жалғасады, - дейді Мажар-Тұран қорының президенті Биро Андраш Жолт.

Атыраудан табылған темір сауытты жауынгер Каспий-Арал аймағын мекендеген көшпенді болуы мүмкін

Бұл тарихи құндылықтар Қызылқоға ауданы Миялы селосынан солтүстік шығысқа қарай 6 шақырымдағы қорғаннан табылған еді. 

Обалар б.э.д ІI ғ. – б.э XI ғасырды қамтиды екен. 

Алғаш рет 2017 жылы Атырау облысы тарихи-өлкетану музейінің экспедициясында анықталып, археологтар 3 қорғанға қазба жұмыстарын жүргізген. Нәтижесінде күміс, сүйек, қола, күйіктас, қорғасын, әйнек тағы басқа шикізаттардан жасалған 560 жәдігер табылған.

Өзгелердің жаңалығы