Атырауда түйені қағып кеткен көлік жүргізушісі анықталды

19 Шілде 2021, 11:06
2712
Бөлісу:
Атырауда түйені қағып кеткен көлік жүргізушісі анықталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ . Атырау облысында түйені қағып, оқиға орнынан кетіп қалған көлік иесі ұсталды . Бұл туралы Polisia.kz хабарлады.

Соққы салдарынан түйе өліп кеткен. Полиция қызметкерлері жедел-іздестіру шараларын жүргізу кезінде, оқиға орнынан қашып кеткен жүргізушіні тапты. Оған қатысты іс-құжаттар жинақталып, оқиғаның мән-жайы анықталуда.

Айта кетейік, 17 шілде күні сағат таңғы 05:00 шамасында Атырау-Орал тас жолы бойынан Алмалы ауылы бағытына қарай келе жатқан Ваз 21101 автокөлігінің жүргізушісі жол қауіпсіздігін қадағаламай, түйемен соқтығысып, кейін бірден оқиға орнынан қашып кеткен.

Өзгелердің жаңалығы