Атырауда су көліктерінің қозғалысы ерекше бақылауда болады

14 Сәуір 2023, 13:55
836
Бөлісу:
Атырауда су көліктерінің қозғалысы ерекше бақылауда болады

Себебі, «Жайық-Каспий» бассейнінде балықтардың уылдырық шашу маусымы басталды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Осыған орай айдын тыныштығы жіті қадағаланады. Катерлер мен серуенге арналған шағын кемелер қозғалысы мейілінше шектеледі. Көлік инспекциясының қызметкерлері былтыр су көліктеріне қатысты 63 құқық бұзу дерегін тіркеген. 

1 қайықты анықтап ақылы тұраққа қойдық, айыппұл салынды онан өзге басқа әкімшілік құқық бұзушылықтар. Қауіпсіздік шараларын сақтау, жолаушылардың сыйымдылығын арттырмау, жолаушылардың қауіпсіздік кеудешелерімен жабдықталуы алдағы уақытта тексеретін боламыз. Бұл рейдтік шаралар жаз бойына жүретін болады, - деді облыстық көліктік бақылау инспекциясының бас маманы  Жомарт Құспанов.

Өзгелердің жаңалығы