Атырауда самокатпен көлікке соғылған 2 баланың бірі жансақтау бөлімінде жатыр

26 Шілде 2023, 10:17
418
Бөлісу:
Атырауда самокатпен көлікке соғылған 2 баланың бірі жансақтау бөлімінде жатыр

Атырауда самокатпен көлікке соқтығысқан 2 жасөспірімнің бірі жансақтау бөліміне түсті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Атырау облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметше, жол-көлік оқиғасы Атырау қаласында болған. Бұл туралы Қазақпарат жазды.

Жергілікті уақытпен кешкі сағат 21:15 шамасында Әбілхайыр хан даңғылымен самокатпен келе жатқан 2013 және 2017 жылғы жасөспірімдер Hyundai Accent маркалы көлігімен соқтығысқан. Жол-көлік оқиғасынан 6 жасар жасөспірім зардап шекті. Дене жарақатын алған жасөспірім жедел жәрдем бригадасының көлігімен облыстық балалар ауруханасына жеткізіліп, жансақтау бөліміне жатқызылды, - деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.

Полиция қызметкерлері жол-көлік оқиғасына байланысты тиісті іс-құжаттарын жинақтап, Атырау қалалық полиция басқармасының анықтау бөліміне тапсырды.

Өзгелердің жаңалығы