Атырауда ірі жол апаты болды

18 Қараша 2022, 13:48
913
Бөлісу:
Атырауда ірі жол апаты болды

Атырауда бірнеше көліктің қатысуымен жол апаты болып, жаяу жүргінші көз жұмды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Оқиға бүгін сағат 09:00 шамасында болған. 

Toyota Camry көлігінің жүргізушісі жолдың қарсы жолағына шығып кетіп, электр бағанасына соқтығысқан. Кейін көлік жаяу жүргіншілер қиылысында ер адамды қағып кеткен. Одан кейін тұрақта тұрған Hyundai Elantra және ВАЗ 2111 көліктеріне соқтығысқан. Салдарынан Hyundai Elantra көлігі жол бойымен келе жатқан Volkswagen Passat көлігімен соқтығысқан. Апат салдарынан жаяу жүргінші оқиға орнында көз жұмды. Оның жеке басына қатысты мәліметтер анықталуда, – деді Атырау облыстық полиция департаментінен.

Аталған факті бойынша тиісті құжаттар жинақталып, тергеу амалдары жүргізілуде.

Өзгелердің жаңалығы