Атырауда 8 наурыз тойланбайды

6 Наурыз 2020, 12:24
2223
Бөлісу:
Атырауда 8 наурыз тойланбайды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мұндай шара коронавирус тарауының алдын алу үшін жасалып отыр.

Әйелдер мерекесін тойлауғы тыйым салу туралы Атырау облысының әкімі Махамбек Досмұхамедов Facebook-тегі  парақшасында жазды.

Құрметті жерлестер!

Коронавирус инфекциясы қазіргі кезде әлемнің көптеген еліне тарады. Барлық мемлекеттер қауіпті вирусқа қатысты алдын алу іс-шараларын күн сайын күшейтіп жатыр. Елімізде аталған инфекция тіркелген жоқ. Алайда, "сақтықта қорлық жоқ" деген ұғымды ұстанған халықпыз. Сондықтан, Қазақстанда да республикалық деңгейде сақтық күшейтілді. Біз де қауіпсіздік мақсатымен облысымызда 8 наурыз — Халықаралық әйелдер күніне арналған мерекелік іс-шараларды өткізбеу туралы шешімге келдік. Сіздердің бұған түсіністікпен қарайтындарыңызға сенемін, - деп жазды облыс әкімі.


Өзгелердің жаңалығы