Атырау облысында жол апатынан 5 адам қаза тапты

27 Маусым 2022, 08:08
1375
Бөлісу:
Атырау облысында жол апатынан 5 адам қаза тапты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Атырау облыстық Полиция департаментінің мәліметінше, жол апаты кеше сағат 16:00 шамасында болған.

Республикалық маңызы бар Доссор-Құлсары-Бейнеу тасжолының 31-шақырымында Toyota Hiluxe және Hyundai Tucson автокөліктері соқтығысқан.

Жол апаты салдарынан Hyundai Tucson көлігінің 37 жастағы жүргізушісі мен оның 4 жолаушысы оқиға орнында қаза тапты. Жарақат алған Toyota Hiluxe автокөлігінің жүргізушісі мен жолаушысы ауруханаға жеткізілді.

Апатқа жол ережесін сақтамау себеп болған.

Өзгелердің жаңалығы