Атырау облысында тас жолда болған жол апатынан 11 адам зардап шекті

19 Желтоқсан 2021, 15:32
1179
Бөлісу:
Атырау облысында тас жолда болған жол апатынан 11 адам зардап шекті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ.  Оқиға Мақат ауданындағы Доссор-Құлсары тас жолында, Доссор ауылынан 18 шақырым жерде болды.

Атырау облысы Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі 18 желтоқсанда екі көліктің соқтығысуы салдарынан көліктердің бірі түтіндегенін түсіндірді. 

«Мой город» порталының мәліметінше, Volkswagen Sharan мен Ravon көліктері соқтығысқан. 

Оқиға орнына жеткенде көліктің жанбағаны белгілі болды. Маршруттық медициналық-құтқару пунктінің қызметкерлері зардап шеккен 11 адамды Доссор ауылындағы ауруханаға жеткізді, - деді Атырау облысы Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі

Оқиға орнында облыстың алты қызметкері мен екі төтенше жағдай техникасы жұмыс істеді.

Өзгелердің жаңалығы