Атырау облысында көлік апатынан бір адам мерт болды

13 Қыркүйек 2023, 22:45
641
Бөлісу:
Атырау облысында көлік апатынан бір адам мерт болды
Фото: Артём Чурсинов

Атырау облысында көлік қаққан мүгедек адам мерт болды. Оқиға кеше, 12 қыркүйекте Доссор кентінде болған, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бұл туралы жергілікті уақытпен 20:50 шамасында Мақат аудандық полиция бөліміне селолық ауруханадан хабар түскен.

Мақат ауданының Доссор селолық ауруханасынан ер адамның белгісіз мүрдені әкеліп тұрғаны жөнінде хабарланған. Тексеру кезінде Toyota маркалы автокөлігінің 1994 жылғы жүргізушісі Құлсары-Атырау бағытындағы жолдың бойындағы газ-жанармай бекеті тұсында ер адамды қағып кеткені анықталды. Оқиға орнында бірінші топ мүгедектігі бар 59 жастағы ер адам мер болған, -деп мәлім етті полиция департаментінің баспасөз қызметінен.

Қазір полиция қызметкерлері аталған дерек бойынша тергеу жүргізіп жатыр. Жол-көлік оқиғасына байланысты ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабының 3-бөлігімен қылмыстық іс тіркелді.

Өзгелердің жаңалығы