Атырау облысында ер адам пойыз астына түсіп қаза тапты

Қауіпсіздік қағидаларын бұзу дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды.

14 Тамыз 2026, 17:43
АВТОР
 ©BAQ.KZ архиві 14 Тамыз 2026, 17:43
14 Тамыз 2026, 17:43
158
Фото: ©BAQ.KZ архиві

Атырау облысында ер адамның пойыз астына түсіп қаза табуына байланысты сотқа дейінгі тергеу басталды. Полиция қайғылы оқиғаның себептері мен мән-жайын анықтап жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Көліктегі полиция департаменті хабарлағандай, тергеу теміржол көлігінің қозғалысы немесе абайсызда адам өліміне әкеп соқтырған пайдалану қауіпсіздігі қағидаларын бұзу дерегі бойынша басталған.

«Осы жылдың 13 тамызында Атырау станциясындағы Көліктегі полиция бөлімі теміржол көлігінің қозғалысы немесе абайсызда адам өліміне әкеп соқтырған пайдалану қауіпсіздігі қағидаларын бұзу дерегі бойынша қылмыстық іс қозғады», – деп хабарлады Көліктегі ПД.

Ведомство өкілдері қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатқанын атап өтті.

«Қазіргі уақытта қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр, болған оқиғаның себептері мен мән-жайлары анықталуда», – делінген түсініктемеде.

Полиция тергеудің басқа егжей-тегжейін әзірге жария еткен жоқ.

«ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес өзге де ақпарат жария етуге жатпайды», - деп толықтырды Көліктегі ПД.

Еске салайық, бұған дейін Алматыда жүк көлігі пойызбен соқтығысып, жүргізуші ауруханаға түсті.

Тағы оқи отырыңыз:

Шу станциясында әйелді пойыз қағып кетті

Атырау – Ақтөбе пойызында жолаушы көз жұмды

Астанадағы Лесозавод ауданында автобус пойызбен соқтығысты

Наверх