Атырау облысына Қарулы күштердің 1 мыңнан астам әскери қызметшісі келді

14 Сәуір 2024, 17:26
386
Бөлісу:
Атырау облысына Қарулы күштердің 1 мыңнан астам әскери қызметшісі келді
Фото: Қорғаныс министрлігі

Қорғаныс министрінің нұсқауына сәйкес тасқын суға қарсы іс-шараларға жәрдем көрсету үшін Атырау облысына "Оңтүстік" өңірлік қолбасшылығының мыңнан астам әскери қызметшісі жіберілді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Теміржолмен жеткізілген біріккен құрам Шымкент, Тараз және Гвардейск гарнизондарында орналасқан әскери бөлімдерден құрылған. 

Сондай-ақ, 60-тен астам әскери және арнайы техника келді. 

Әскери қызметшілер легін "Оңтүстік" өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің қолбасшысы генерал-майор Қуанышбек Үштаев басқарып келді. 

Әскерилерді Махамбет, Индер аудандарының елді мекендері мен Жаңаталап ауылына жіберу жоспарлануда. Онда олар жағалауды нығайту жұмыстарын жүргізетін болады.

Өзгелердің жаңалығы