Атырау облысы. Жеке тұрғын үй құрылысы үшін 1452 учаске беріледі

25 Сәуір 2023, 13:44
979
Бөлісу:
Атырау облысы. Жеке тұрғын үй құрылысы үшін 1452 учаске беріледі
Фото: inform.kz

Бұл туралы облыстық Жер қатынастары басқармасының басшысы Әлібек Ермекқали, мәлім етті деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бұл туралы Атырау облысы Өңірлік коммуникациялар қызметі хабарлады.

Бүгінде Атырау облысында жеке тұрғын үй салу үшін 138 мыңнан астам адам жер кезегінде тұр. Оның көпшілігі Атырау қаласының тұрғындары. Ал аудандар бойынша барлығы 31331 адам жер кезегінде. Индерде – 5978, Мақат ауданында - 1294, Махамбетте – 4217, Жылыойда – 14041, Исатайда – 459, Қызылқоғада - 2877, Құрманғазыда - 2465.

Атырау облысында жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер телімін алуға өтініш бергендердің саны 138 мыңнан асты. Оның ішінде 106707 адам жер телімін Атырау қаласынан алғысы келеді. Биыл жеке тұрғын үй құрылысы үшін тұрғындарға 1452 учаске беріледі деп күтілуде,- деді Ермекқали.

Өзгелердің жаңалығы