Атырау облысы әкімінің орынбасарына қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде

18 Қыркүйек 2020, 15:30
1851
Бөлісу:
Атырау облысы әкімінің орынбасарына қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы «AntikorNews» алаңында аптадағы сыбайлас жемқорлық фактілері туралы өткен брифингте ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің 1-ші департаментінің аса маңызды істер жөніндегі тергеушісі Данияр Бегайдаров айтып берді.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет шын мәнінде Атырау облысы әкімінің орынбасарына қатысты аса ірі көлемде пара алу фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеуді жүргізуде.

Күдіктіге қатысты «күзетпен ұстау» түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылды, - деді Данияр Бегайдаров.
Ол басқа ақпарат тергеу мүддесіне сәйкес жария етуге жатпайтынын айтты.

Естеріңізге салсақ, 10 қыркүйекте Таубаев пен Басаров 182 миллион теңге пара алды деген күдікпен ұсталған еді.

Сот 10 қыркүйекте ұсталған Атырау облысы әкімінің бірінші орынбасары Нұрлан Таубаев пен облыстық Құрылыс басқармасының бастығы Тимур Басаровқа 2 айға қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялады.

  
Өзгелердің жаңалығы