«Атырау – Алматы» пойызында сәби дүниеге келді

26 Мамыр 2023, 23:32
946
Бөлісу:
«Атырау – Алматы» пойызында сәби дүниеге келді
Фото: Zakon.kz

№29/30 бағытындағы «Атырау – Алматы» жолаушылар пойызының бригада қызметкерлері жас келіншекті босандырып алды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Атыраудан Шымкентке бағыт алған жас ананы жолда толғақ қысқан. Жолсеріктер Жанар Тасмағамбетова, Айғаным Сұлтанмұратова және Ғалия Қайырденова пойыз вагонында жүкті әйелдің аман-есен босануына барлық жағдайды жасады, – деп хабарлайды «ҚТЖ» АҚ баспасөз қызметі

Сағат 21:52-де сәби дүниеге келді.

Нұсқаулыққа сәйкес жолсеріктер күтпеген жағдай орын алғанда пойыз машинистіне хабар беріп, жақын маңдағы станцияға жедел жәрдем көлігін шақырды, - деді «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметі.

Пойыз Қазалы станциясына келіп тоқтағанда сәбиді анасымен бірге жедел жәрдем қызметкерлері қарсы алды.

Өзгелердің жаңалығы