Атом қаруы & ЖИ. Тоқаев неге жасанды интеллектіні назарда ұстау керегін түсіндірді

12 Қазан 2023, 11:15
715
Бөлісу:
Атом қаруы & ЖИ. Тоқаев неге жасанды интеллектіні назарда ұстау керегін түсіндірді
Фото: Ақорда

Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Бүгінде адамның ақыл-ойынан машина, яғни технология үстем болатын заман орнығуда. Басқаша айтқанда, жасанды интеллект технологиясы адамзатқа қауіп-қатер төндіруі мүмкін. Мұның арты неге әкеп соқтыратыны белгісіз. Ғалымдар арасында бұған қатысты ортақ пайым жоқ, – деді Президент.

Тоқаев “жасанды интеллект адамзатқа игілік әкеле ме әлде құрдымға кетіре ме” деген сұрақ әлі де өзекті болып тұрғанын айтады.

Сондықтан осы мәселеге саналы түрде қарап, жасанды интеллектінің дамуын жіті назарда ұстау – аса маңызды міндет. Мысалы, кезінде атом энергетикасымен қатар атом қаруы пайда болды. Сол кезде жаһандық қауіпсіздікті сақтау үшін жаңа қағидаттар қалыптасты. Бұл – технологиялық даму заманында ұжымдық қауіпсіздік мәселесі бақылауда болуы керек деген сөз, – деді Мемлекет басшысы.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, Тоқаев Үкіметке 5G-ді енгізуді ертерек аяқтауды тапсырды.

Өзгелердің жаңалығы