«Астрахань-Атырау»: Сенат депутаты Индустрия министрлігінің жұмысын сынға алды

3 Ақпан 2022, 17:27
1868
Бөлісу:
«Астрахань-Атырау»: Сенат депутаты Индустрия министрлігінің жұмысын сынға алды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. ҚР Парламенті Сенатының депутаты Ғұмар Дүйсенбаев Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігін сынға алды.

Ол  Индустрия министрлігінен «Астрахань-Атырау» жолының аяқсыз қалуына кім жауапты екенін сұрап тікелей сұрақ қойды.

Менің түсінбегенім сонда «Астрахань-Атырау» жолының тоқтап қалуына кім жауап береді. Оған зерттеу жасалған жоқ па? жердің геологиясы мен химиялық құрамы зерттелді ме? Біреудің қателігі кетті деп Үкіметтің ақшасын төлей береміз бе? , -деді ҚР Парламенті Сенатының депутаты Ғұмар Дүйсенбаев.

Министр Қайырбек Өскенбаевтың айтуынша, бұл жерде күнә толығымен жолдың жобасын жасаған институттың мойнында.

Жобаны әзірлеген кезде нақты топырақтың сапасын және басқа да материалдардың сапасын толық тексеру керек еді. Одан кейін сараптамадан өткізіп бізге тапсыру қажет болатын. Қазіргі таңда ол компания қандай жазаға тартылу керегі туралы ұсыныс бердік, -деді Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Қайырбек Өскенбаев.

Еске салайық, бүгін орталық коммуникациялар алаңында еліміздің батысындағы автожолдарда іске асырылып жатқан жобалар және проблемалар мен шешу жолдары туралы дөңгелек үстел кездесуі өтуде. 
 

Өзгелердің жаңалығы