Астананың тұрғын алаптарында жаңа жылдық көңіл-күй орнады

1 Қаңтар 2024, 01:27
662
Бөлісу:
Астананың тұрғын алаптарында жаңа жылдық көңіл-күй орнады
Фото: gov.kz

31 желтоқсанда елорданың бірнеше тұрғын алаптарында жаңа жылдық мерекелік бағдарлама ұйымдастырылды, деп хабарлайды BAQ.KZ Астана әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Қала тұрғындарына шығармашылық ұжымдар мен қазақ эстрада жұлдыздарының қатысуымен концерттер ұсынылды.
Мерекелік шараларды Астана қаласының мәдениет басқармасына қарасты 12 мекеме мен аудан әкімдіктері ұйымдастырды.

Мерекелік бағдарлама сағат 12.00-ден 13.00-ге дейін келесі орындарда өтті:
Есіл ауданында – «Пригородный» ТА;
Сарыарқа – Көктал саябағы;
Байқоңыр – «Өндіріс» ТА;
Тұрғындарға Е.Рахмадиев атындағы Мемлекеттік академиялық филармония, «Наз» мемлекеттік би театры, елордалық цирк және басқа да ұжымдар жаңа жылдық көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.

Концертке келген тұрғындар да өз әсерлерімен бөлісті.

Мен «Наз» би театрының тамаша әртістеріне керемет концерт үшін шын жүректен алғыс айтқым келеді! Біз бүкіл отбасымен келдік және өте риза болдық. Үлкендер мен балаларға күні бойы көтеріңкі көңіл-күй сыйлағандарыңыз үшін рахмет, – дейді Көктал тұрғын алабының тұрғыны Дәурен Қабдрахманов.

Шараға барлығы тұрын алаптардан 500-ге жуық тұрғындар қатысты.

Естеріңізге сала кетейік, бүгін сағат 21:00-ден 02:00-ге дейін Қала алаңында, «Қазақ елі» монументінің жанында, ЭКСПО алаңында елорда тұрғындары мен қонақтарына арналған «Жаңа жыл түні» мерекелік концерттері өтеді.

Оған, Qanay, Али Оқапов, Ayree, Маржан Арапбаева, Ильхан Ихсан, Кенжебек Жанабілов, Диана Исмаил, Аука, Еркеш Хасенов, Серік Ибрагимов, Әлішер Каримов, группа «Килиманджаро», Алмас Кішкенбаев, Бейбит Корған т.б. отандық өнер жұлдызлары қатысады.

Өзгелердің жаңалығы