Астананың сауда үйінде баланы тоқ соғып, екі алақаны күйіп кетті

22 Мамыр 2021, 16:39
2575
Бөлісу:
Астананың сауда үйінде баланы тоқ соғып, екі алақаны күйіп кетті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Нұр-Сұлтандағы сауда үйлерінің бірінде бутикке кіреберісте орнатылған ұрлыққа қарсы металл рамалардан баланы тоқ соққан. Аталған іске қатысты тергеу басталды.

Бұл туралы zakon.kz zhaloby.astana паблигіне сілтеме жасай отырып хабарлады.

Белгілі болғандай 9 жасар бала бутикке кіре бергенде металл рамаларды ұстаған. Салдарынан оны тоқ соққан. Алайда бутик әкімшілігі рамалардың тоқ соғуы мүмкін емес екенін айтқан.

Оқыс оқиғадан кейін әкімшілік өкілі металл жақтауды өшіріп, қайта қосты. Оны да тоқ соқты. Баланы жедел жәрдем қызметі ауруханаға алып кетті. Екі алақаны күйіп кеткен, бала есінен танып қалды. Егер бұндай құрылғылар балалардың денсаулығына кері әсерін тигізетін болса, не істейміз?, - делінген zhaloby.astana паблигінде.
Баланың анасы полицияға шағым түсірген.

Нұр-Сұлтан қаласы полициясының хабарлауынша, шағым 19 мамырда тіркелді. «Қауіпсіздік талаптарына сай келмейтін қызмет көрсету, тауарлар сату және шығару» бабына сәйкес тергеу амалдары басталды.

Аталған іс полиция департаментінің бақылауында.

Өзгелердің жаңалығы