Астананың іргесіндегі ауылдағы өрттен күзетші зардап шекті

9 Наурыз 2024, 07:13
428
Бөлісу:
Астананың іргесіндегі ауылдағы өрттен күзетші зардап шекті
Фото: Төтенше жағдайлар министрлігі

9 наурызда сағат 02.26-да Целиноград ауданы, Талапкер ауылында 100 шаршы метр алаңда техниканы сақтауға арналған шағын бөлмеде өрт орын алды, деп хабарлайды BAQ.KZ Төтенше жағдай министрлігіне сілтеме жасап.

Оқиға орнына дереу Ақмола облысы ТЖД жеке құрамынан 4 құтқарушы және 1 бірлік техникасы Астана қ. ТЖД жеке құрамынан 14 құтқарушы және 3 бірлік техникасы жөнелтілді.

Өрт сөндірушілер үйлесімді және кәсіби сауатты әрекеттерінің арқасында өрттің газ-жанармай құю станциясының моноблогына таралуын мүмкіндікдік бермеді, сондай-ақ 2 Камазды, 2 тиегішті және 1 газ тасымалдағышты өрттен құтқарды, 10 газ баллон шығарылды, - делінген ведомство хабарламасында.

Астананың іргесіндегі ауылдағы өрттен күзетші зардап шекті
Төтенше жағдайлар министрлігі

Өрт сағат 03.24-те оқшауланды, сағат 03.54-те жойылды. Өрт сөндіру бөлімшелері келгенге дейін күзетші ЖМЖБ-мен Астана қаласындағы №1 ауруханаға жеткізілді.
Өрттің шығу себебі анықталып жатыр.

Өзгелердің жаңалығы