Астаналық спортшы Мадина Жомартова белбеу күресінен әлем чемпионы атанды

18 Қазан 2023, 13:25
779
Бөлісу:
Астаналық спортшы Мадина Жомартова белбеу күресінен әлем чемпионы атанды
Фото: Елорда әкімдігі

Тәжікстанның Худжанд қаласында жастар арасында белбеу күресінен әлем чемпионаты аяқталды, деп хабарлайды BAQ.KZ елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Айтулы додада ұлттық құрама сапында өнер көрсеткен елордалық боз кілем шебері Мадина Жомартова 52 келі салмақ бойынша белдесіп, әлем чемпионы атанды.

Үш күнге созылған бәсекеде 2003-2005 жылы туған 15 елден келген 250-ге жуық спортшы қатысты. Атап айтсақ, Қазақстан, Өзбекстан, Иран, Египет, Тәжікстан,Түрікменстан, Молдова, Моңғолия, Нигерия, Колумбия, Беларусь, Грузия, Ресей, Украина және Марокко елдері.

Жарыс еркін және классикалық стильде, ұлдар 8, ал қыздар 3 салмақ дәрежесі бойынша сынға түсті.

Әлем чемпионатының қорытындысы бойынша командалық есепте бірінші орында Өзбекстан құрамасы, Түркіменстан спортшылары екінші орынды иеленсе, отандастарымыз үздік үштікті түйіндеді.

Жалпы белбеу күресінен ұлттық құраманың қоржынында 3 алтын медаль, 4 қола және 3 күміс медаль бар.

Өзгелердің жаңалығы